ІІМ 190 млн теңге залал келтірілген ұрлық схемасын әшкереледі: 13 адам ұсталды

ІІМ 190 млн теңге залал келтірілген ұрлық схемасын әшкереледі: 13 адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 17:41 Сурет: polisia.kz
27 сәуірде Қарағанды облысында полиция қызметкерлері өңірдегі өнеркәсіптердің бірінде әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы бүгін, 30 сәуірде ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп саласындағы қылмыстардың жолын кесу және бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізуде.

"Анықталғандай, күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған. Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн теңгені құрады",- делінген ақпаратта.

Барлығы заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды – олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары.

Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін Қарағандыда жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: