Алматыда алғашқы крематорий іске қосылды

Алматыда алғашқы крематорий іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 21:18 Сурет: Алматы әкімдігі
Оңтүстік астанада Қазақстандағы алғашқы крематорий жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін, 30 сәуірде қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кремация енді дәстүрлі жерлеуге балама ретінде ұсынылып отыр. Бұл тұрғындарға мәдени, діни және жеке таңдауына сай шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

"Кешен Чехияда жасалған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда көпсатылы сүзгі жүйесі бар екі кремациялық пеш орнатылған. Екі камералы технология түтін газдарын толық жанып кетуін қамтамасыз етіп, зиянды шығарындыларды азайтады, иіс пен көзге көрінетін түтіннің таралуына жол бермейді",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, бір кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады. Қажетті температураға дейін қыздыру үдерісі 35 сағатқа дейін уақыт алады, ал толық жүктеме кезінде әр пеш тәулігіне 8 кремацияға дейін орындай алады.

"Кремация рәсімі қатаң регламенттелген және толық құжаттар пакеті болған жағдайда мәйітті қабылдау, міндетті сәйкестендіру, кремация жүргізу, күлді өңдеуді және туыстарына тапсыруды қамтиды. Әрбір қадам арнайы бақылаумен және құжатпен рәсімделеді. Крематорийде кремациядан бөлек, күл салынған құтыны беріп, қоштасу рәсімдерін өткізуге арналған залдар қарастырылған. Сондай-ақ, туыстары арнайы бөлмеден рәсім барысын бақылай алады". Алматы әкімдігі

Әкімдік мекеме қызметкерлерінің шетелде арнайы оқытудан өткенін атап өтті. Мәйіттермен жұмыс істеу санитарлық талаптар, кәсіби этиканы және құрмет қағидаттары қатаң сақталады.

Бұған дейін Алматы облысында картон зауытында өрт шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: