Шымкентте сот көршісін балағаттаған азаматқа 150 мың теңге айыппұл салды

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 19:13 Фото: pexels
Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотында сөзге келіспей қалған көршілердің ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта талап қоюшы өзінің арызында жауапкерлер "WhatsApp" ортақ үй чатында өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазғанын көрсеткен.

"Сот тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеудің артықшылықтарын, яғни тараптардың әрқайсысының мүдделері ескерілетінін және өзара тиімді әрі ыңғайлы шешім болатынын түсіндірді". Шымкент қалалық соты

Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, оған сәйкес талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартты, ал жауапкерлер талапты мойындап, талап қоюшыға 150 000 теңгеден ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қазақстанда шетелдік инвесторды алдап кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: