Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2026 09:47 Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2026 жылғы 2 мамырда Каспий теңізі аумағында магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызметтің Жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді.

Мамандардың дерегінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:50-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 27 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сейсмологтар Каспий өңірі сейсмикалық белсенді аймақтардың бірі екенін атап өтті. Бұл аумақта әртүрлі қарқындылықтағы жер сілкіністері жиі байқалады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық мамандар Каспий теңізіндегі соңғы жер сілкінісін 15 сәуірде тіркеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: