Сәтбаевта тұрғындардың қырағылығы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті

Сәтбаевта тұрғындардың қырағылығы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2026 13:18 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сәтбаев қаласында Тәуелсіздік көшесі бойында куәгерлерден 112 нөміріне бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйден бетон плитаның құлау қаупі бар екені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел түрде жетті. Тексеру барысында мамандар тұрғындар мен жаяу жүргіншілер үшін қауіптің бар екенін растады.

Жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, қауіпті жою бойынша жедел жұмыстар ұйымдастырылды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде қауіпті элемент демонтаждалып, ықтимал оқиғаның алдын алуға мүмкіндік берілді",- деп атап өтті құтқарушылар.

Бұған дейін Алматылық құтқарушылар 2 мамыр күні тауда жарақат алған жасөспірімге көмекке келгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: