Жартастан құлап, аяғын жарақаттаған: Алматы тауларында құтқарушылар жасөспірімді эвакуациялады

Спасательная служба, спасательные службы, спасатели, спасатель, МЧС РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2026 11:22 Фото: Zakon.kz
Алматылық құтқарушылар 2 мамыр күні тауда жарақат алған жасөспірімге көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласы Бостандық ауданында, Алма-Арасан шатқалында, Терра алаңы маңында алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім жартастан құлап, аяғын жарақаттаған. Оқиға куәгерлері құтқарушылардан көмек сұраған.


"Хабарлама түскеннен кейін ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп оқиға орнына жедел түрде шықты. Алма-Арасан пансионаты маңына жеткен соң, олар жолды жаяу жалғастырды. Таулы аймақпен көтерілу шамамен 2,5 сағатты алды",- деп мәлімдеді ведомство.

Құтқарушылар зардап шеккенді жедел түрде тауып, оның 15 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Оған қажетті көмек көрсетіліп, тасымалдау жұмыстарын бастады.

Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Бұған дейін Таразда жоғары сынып оқушысы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: