Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында аяғын қайырып алған туристке көмекке келді

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында аяғын қайырып алған туристке көмекке келді , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 09:32 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мәншүк Мәметова көлінің маңында тауға шығу кезінде жас жігіт аяғын қайырып алған. Көмекке "Тұйық-су" бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылар экипажы барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, құтқарушылар қызметтік көлікпен № 6 көлге жетіп, ары қарай жаяу көтерілді.

"Оларды зардап шегушіге алғашқы медициналық көмекті көрсеткен альпинисттер қарсы алды. Құтқарушылар ер адамды альплагерьге дейін түсіріп, содан кейін "Медеуге" жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Түркістан облысындағы тауларда жоғалған екі туристің бірінің денесі табылғанын, екіншісі аман-есен құтқарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: