ШҚО-да құтқарушылар газ баллонды аяғына "киіп алған" балаға көмекке келді

Риддер құтқарушылары біртүрлі оқиғаға тап болды. ТЖМ қызметкерлері газ баллонның редуктор тұратын тұсына аяғын кіргізіп алып, қайта шығара алмай қалған балаға көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖМ баспасөз қызметі оқыс оқиға үйде балалар ойнап жүргенде болғанын, өздеріне баланың ата-анасы хабарласып, көмек сұрағандарын нақтылайды.
"ТЖМ қызметкерлері "Holmator" авариялық-құтқару құралының көмегімен баллонның тұтқасын кесіп, баланың аяғын босатты. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шеккен жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript