Екібастұзда баспалдақ қоршауына басын тығып алған балаға көмек керек болды
Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
10 қыркүйекте Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде баспалдақ қоршауына тыққан басын қайта шығара алмай қалған балаға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар "Холматро" гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен баланың басын босатып, темір құрсаудан шығарып алды.
"Бала зардап шеккен жоқ. Құтқару операциясы 10 минутқа созылды. Балаға медициналық көмек қажет болмады", делінген хабарламада.
Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript