Президентке қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі берді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 16:20 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 4 мамырында Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сүйенсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды.

Defense Tech бастамасы Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі инновациялық экожүйе құруды көздейді.

Жоба аясында инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен тұрақты жұмыс механизмі қалыптасады.

Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы Армия Үйі базасында мультифункциональды инновациялық хаб – Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды.

Мұнда отандық ІТ компаниялар мен стартап командалардың қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы озық технологиялық шешімдері мен перспективті әзірлемелері ұсынылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: