Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels
Синоптиктер 2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан аймақтарында қандай ауа райы күтілетіндігін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпарға сүйенсек, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында, орталығында топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл, батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Тек еліміздің шығысында және орталығында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
"Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауылмен, батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сондай-ақ:
- Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары күтіледі.
- Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-батысында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
- Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін 2026 жылғы 5–7 мамыр аралығындағы Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript