Алматыда төрт маңызды автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді
Фото: Zakon.kz
Қалалық көлік холдингінің мәліметінше, Жамақаев көшесінің Әзірбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 мамырдан бастап №70 және №124 бағыттарының қозғалыс сызбалары жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша өзгереді.
№70
Оңтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – айналмада кері бұрылыс – Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Қажымұқан көшесі – Ескендіров көшесі – Әзірбаев көшесі – Нұрлыбаев көшесі – әрі қарай соңғы аялдамаға дейін.
Кері бағытта: Нұрлыбаев көшесі – Әзірбаев көшесі – Ескендіров көшесі – Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Әл-Фараби даңғылы – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай сызба бойынша.
№124

Сондай-ақ, Ш. Абыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 мамырдан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №105 және №122 бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.
№105
Солтүстік бағытта: Приканальная көшесі – "Приканальная көшесі" соңғы аялдамасына дейін.
Кері бағытта: "Приканальная көшесі" соңғы аялдамасынан – Приканальная көшесі – Ш. Абыз көшесіне кірмей – әрі қарай сызба бойынша.
№122
Оңтүстік бағытта: Аруана көшесі – батыс бағытқа бұрылу – "№196 мектеп" соңғы аялдамасына дейін.
Кері бағытта: "№196 мектеп" соңғы аялдамасынан – Аруана көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталғанын жазғанбыз.