Юлия Путинцева Рим турнирінде жарыс жолын бастайды

Юлия Путинцева Рим турнирінде жарыс жолын бастайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 13:23 Сурет: Instagram/yulia_putintseva
6 мамыр, сәрсенбі күні Рим қаласында өтетін WTA-1000 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында Юлия Путинцева мен Тереза Валентова кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл турнирдің жеребесі 31 жастағы Путинцева үшін сәтсіздеу болып тұр. Мадрид турнирінде ол екінші ойында-ақ кейіннен чемпион атанған Марта Костюкпен кездескен еді. Ал Римде алғашқы ойында жеңіске жетсе, келесі айналымда Кори Гауффпен ойнауы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, Путинцева жақсы формада, демалыстан кейін қайта оралып, Тереза Валентованы тағы да жеңуге дайын.

Қарсыласы Тереза Валентова туралы айтар болсақ, ол WTA рейтингінде жоғарылауға енді ғана қадам басып келе жатқан жас теннисші. 19 жастағы чех спортшысы қазіргі уақытта рейтингте 48-орында тұр.

Сурет: WTA

Кездесу Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады. Сонымен қатар, бүгін Рим турнирінде Александр Шевченко да кортқа шығады.

Бұған дейін әлемдік теннис элитасы "Ролан Гаррос-2026" турниріндегі жүлде қоры бойынша шағым білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: