Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші ракеткасы, әлемнің 72-нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында сенімді түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бірінші кезеңде жаңа зеландиялық теннисші Лулу Санды 7:6, 6:2 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 55 минутқа созылды. Айта кетейік, бұл қос спортшының корттағы алғашқы кездесуі.
Енді Юлия Путинцева екінші айналымда турнирдің қазіргі чемпионы, америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.
Чарльстондағы WTA-500 турнирі 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Бұған дейін Жібек Құламбаеваның Үндістанда өткен ITF турнирінің жекелей және жұптық сынында топ жарғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript