Алматыда "Княжичи" ерлер хорының Жеңіс күніне арналған концерті өтеді

Алматыда "Княжичи" ерлер хорының Жеңіс күніне арналған концерті өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 13:47 Сурет: "Княжичи" тобының жеке мұрағатынан
2026 жылғы 8 мамырда Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары ерлер хоры "Княжичи" ұжымының ерекше концертін тамашалай алады. Аталған мәдени шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кеш – жай ғана музыкалық концерт емес, ол естеліктің әуенге айналған көрінісі.

Бала кезден таныс, ел жадында сақталған әндер бұл жолы жаңа тыныс алып, терең мағыналы, шынайы әрі жүрекке әсер ететін ерекше үнмен орындалмақ.

Кеш барысында көрермен назарына мынадай туындылар ұсынылады: "Эх, дороги", "Смуглянка", "Журавли", "Әлия", "День Победы", "Песенка фронтового шофера", "Атамекен" және тарих пен тағдырды, соғыс қасіреті мен ерлік рухын, сондай-ақ ұрпақтар алғысын бейнелейтін өзге де шығармалар.

"Бұл – буындарды біріктіретін музыка. Түсіндіруді қажет етпейтін, тек жүрекпен сезілетін әуендер. Сіздерді осы кешті бірге өткізіп, құрмет пен естелікке толы, шынайы сезімдерге құрылған ерекше атмосферада болуға шақырамыз", – деді "Княжичи" ұжымы.

Концерт Dostyk Hall (Достық даңғылы, 85А) концерт залында өтеді. Басталуы – сағат 19:00. Билеттерді сілтеме арқылы сатып алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: