Қазақ әндері жаңа форматта: "КНЯЖИЧИ" ерлер хорының ерекше концерті өтеді

"КНЯЖИЧИ" ерлер хоры алғаш рет тек қазақ тіліндегі концерт өткізеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 11:34 Сурет: "Княжичи" тобының жеке мұрағатынан
Алматыда "КНЯЖИЧИ" ерлер хоры алғаш рет тек қазақ тіліндегі шығармалардан тұратын жеке концертін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрермендерге жақсы таныс халық әндері мен композиторлардың туындылары ерлер хорына арналған жаңа өңдеуде шырқалады.

Бағдарламада "Қамажай", "Отан ана", "Су тасушы қыз", "Бәрінен де сен сұлу", "Домбыраға қол соқпа", "Самалтау" және басқа да танымал әндер бар.

Хордың көркемдік жетекшісі Сергей Редькиннің айтуынша, қазақ тіліндегі әндерді орындау топтың шығармашылығында ерекше орын алады.

"Біз әр концертке қазақ тіліндегі бірнеше ән қосып отыратынбыз. Бұл туындылар көрерменнің де, өзіміздің де жүрегімізге жақын. Біртіндеп репертуар кеңейіп, жеке қазақша концерт ұйымдастыру идеясы пайда болды", – деді ол.

Музыканттың сөзінше, хор мүшелерінің көбі қазақ тілін жақсы меңгерген, сондықтан әндерді орындауда қиындық болмаған.

"Қазақ мәдениеті бізге жат емес. Көпшілігіміз қазақша еркін сөйлейміз. Сондықтан ән мәтіндерін дұрыс айту біз үшін қиын болған жоқ", – дейді ол.

Редькиннің айтуынша, бұл концерт Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған.

"Бұл – мерекені атап өтудің тамаша тәсілі. Батырхан Шүкеновтің "Отан ана", "Қайран көңіл-ай", "Гүл Алматы" сияқты әндері жаңа аранжировкамен, заманауи форматта орындалады. Тыңдарман ерекше әсер алады деп сенемін", – деді жетекші.

Музыкалық кеш 26 қазан күні сағат 18:00-де Алматы қаласындағы "Dostyk Hall" (Достық даңғылы, 85А) өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: