Төтенше жағдай туындауы мүмкін: қала билігі алматылықтарға ескерту жасалды
Сурет: Алматы әкімдігі
Қала әкімдігінің мәліметінше, магистральдық және тарату құбырларын тексеру барысында күн сайын таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.
Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайдың туындауы мүмкін: судың жер бетіне шығуы немесе жол төсемінің ішінара бұзылуы ықтимал.
Мұндай жағдайда өз бетіңізше әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан алыстап, төмендегі байланыс нөмірлері арқылы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не хабарласыңыз:
378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (1011 немесе 1014 қосымша нөмірлері), сондай-ақ 109 нөмірі арқылы.
Жылу желілерін сынау кестесі:
12 мамыр
Алмалы және Бостандық аудандары: Назарбаев – Сәтбаев – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені аумағы.
13 мамыр
Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1,2,3,4 шағынаудандары, "Көкмайса" шағынауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодарская көшелері аралығы;
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек – Масанчи көшелері аралығы.
13–14 мамыр
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов көшелері аралығы.
15 мамыр
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин көшелері аралығы.
Аталған аумақтарда тұратын тұрғындарға ыстық су беру толық көлемде сақталады.
"Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің және ондағы жабдықтардың жай-күйін тексеру, сондай-ақ құбырлардың ақаулы учаскелерін анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүзеге асырылуда. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Медеу ауданының кей жерінде 12-16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлаған едік.