Үкімет микро және шағын бизнеске арналған салықтық қолдау шараларын биыл да жалғастырады

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 18:58 Фото: freepik
Қазақстан Үкіметі микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шараларын 2026 жылы да жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Үкіметі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың кәсіпкерлік белсенділікке ықтимал әсерін төмендету және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шараларын 2026 жылы да жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған бизнес санаты үшін шартты "таза парақ" тетігі енгізілді. Бұл тетік салықтық әкімшілендіруде неғұрлым икемді әрі ынталандырушы тәсілдерді қолдануға мүмкіндік берді.

Аталған тетік шеңберінде жекелеген жағдайларда микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан салықтық міндеттемелер бойынша камералдық бақылау шаралары, салықтық тексерулер, әкімшілік іс жүргізу және сот тәртібімен өндіріп алу шаралары қолданылған жоқ. Бұл бизнеске салықтық өзгерістер кезеңіне бейімделуге және қаржылық тұрақтылығын сақтауға қосымша мүмкіндік берді.

"Қабылданған шаралар нақты оң нәтиже көрсетті. Бүгінгі таңда микро және шағын кәсіпкерліктің 19 мың субъектісі жалпы сомасы 13 млрд теңге көлеміндегі негізгі салық берешегін өтеді. Соның нәтижесінде 4,4 млрд теңге көлеміндегі өсімпұлдар мен 4,9 млрд теңге көлеміндегі айыппұлдар есептен шығарылды", – делінген хабарламада.

Қол жеткізілген оң нәтижелерді ескере отырып, Қазақстан Үкіметі 2026 жыл бойы бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Атап айтқанда, 2026 жылы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қосылған құн салығына байланысты жекелеген құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұл төмендегі жағдайларға қатысты:

Бірінші. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеуге тұрмау кезеңінде жүзеге асырылған айналым көлемі айналымның шекті мөлшерінен айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда.

Екінші. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 269-бабының үшінші бөлігінде және 275-бабының бесінші бөлігінде көзделген, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, мемлекеттік кірістер органдарының ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы хабарламасымен келісіп, онда көрсетілген талаптар толық орындалған жағдайда.

Қабылданып жатқан шешімдер мемлекет пен бизнес арасындағы сенімге, ашық диалогқа және әріптестікке негізделген тұрақты экономикалық ортаны одан әрі қалыптастыруға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: