Тоқаев Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады

Тоқаев Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 18:02 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

"Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады", - делінген хабарламада.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Смадиярдың жазуынша, Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: