Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне барды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 18:29 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.

Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысатынын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: