Алматыда мерекелік іс-шараларға байланысты Гоголь көшесінің бөлігі жабылады

Общественный транспорт в Алматы, троллейбусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 22:52 Фото: Zakon.kz
Алматының 28 панфиловшылар саябағында Жеңістің 81 жылдығына орай "Мәңгілік алауға" гүл қою рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 9 мамыр күні сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Гоголь көшесінің Зенков көшесінен Бузурбаев көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Алматы қаласының Көлік холдингі аталған учаске арқылы өтетін қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгеретінін хабарлады.

Оның қатарында № 5, № 5А, № 5Б, № 7, № 13, № 16, № 17, № 22, № 29, № 29Р, № 42, № 43, № 60, № 65, № 66, № 71, № 107, № 111, № 114, № 117, № 118, № 121, № 126, № 129, № 141, № 249 автобус бағыттары бар. Одан бөлек ТП1, ТП12, ТП9, ТП11, ТП19, ТП25 тролейбус бағыттарын қамтиды.

Сондай-ақ ертең Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 9 мамыр сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Сайын көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: