Өскеменде суға батып кеткен екінші жігіттің мәйіті табылды

Тонущий человек в воде, утопающий, тонуть, утонуть, потонуть, затонуть, утонувший, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2026 14:58 Фото: unsplash
Өскеменде Үлбі өзеніне батып кеткен екінші жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 9 мамыр күні құтқарушылар 2003 жылы туған азаматтың мәйітін тапқан. Ол 3 мамырда Үлбі өзенінің шомылуға жабдықталмаған аумағында суға түскен кезде батып кеткен.

Жас жігіттің денесі оқиға орнынан шамамен екі шақырым жерде, Степное ауылы маңындағы өзеннің таяз бөлігінен табылған.

ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстары 3 мамырдан бері күн сайын жүргізілген. Оған құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылып, жағалау аумағын тексеру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылған.

Еске салайық, бұған дейін 23 жастағы екі жігіттің Согра шағын ауданындағы Үлбі өзеніне шомылуға барып, суға батып кеткені хабарланған еді. Оқиға орнында бір адамның мәйіті бірден табылса, екінші жігітті іздеу бірнеше күнге созылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: