Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 21:43 Сурет: pixabay
Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстары үш күн жалғасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда сағат 12:50-де оқиға орнынан 12 шақырым жерде 1999 жылы туған суға кеткен жігіттің денесін туыстары тапты. 

ТЖД құтқарушылары оның денесін судан шығаруға көмек етті.

Еске салайық, 10 маусымда сағат 14:30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: