"Бұршақ түсіп, үсік жүреді". Сейсенбіде еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, тау бөктерінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 12 мамырда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Қонаевта 12 мамырда түнде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрып, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 12 мамырда күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың батысында, шығысында, орталығында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 12 мамырда жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 12 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 12 мамырда оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал облыстың таулы аудандарында тұман болады деп болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 12 мамырда түнде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстістік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 12 мамырда түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 12 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді
Түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 12 мамырда күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Қостанайда 12 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Астанада 12 мамырда түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан,батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Петропавлда 12 мамырда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 12 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 12 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 12 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
12 мамырда күннің соңында Ақмола облысының солтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 12 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Бұған дейін синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасаған болатын.