Жексенбіде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көктайғақ, ауа райы болжамы, 7 қазан, дауылды ескерту, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 17:37 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 8 ақпанда Алматы, Шымкент және Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте және Түркістанда 8 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Алматыда 8 ақпанда түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 8 ақпанда түнде тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 8 ақпанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 8 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда 8 ақпанда түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа  ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 8 ақпанда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 8 ақпанда күндіз көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болып, күндіз облыстың шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 8 ақпанда кей уақытта тұман болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болып, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 8 ақпанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың оңтүстігінде, орталығындағы екпіні 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда 8 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болып, күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 8 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Бұған дейін синоптиктер еліміздегі ірі қалалардың бірі - Алматы бойынша 7-13 ақпанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: