Дәрігерлер қате диагноз қойған: қарағандылық әйел жұбайының өлімі үшін өтемақы талап етті
Фото: Zakon.kz
Талап қоюшы жұбайының медициналық көмектің тиісінше көрсетілмеуі салдарынан қайтыс болғанын айтып, сотқа жүгінді. Іс материалына сүйенсек, жедел жәрдем шақырылған кезде пациент кеуде тұсындағы ауырсыну мен ашып-күйдіру сезіміне шағымданған, алайда бригада жүрек-қан тамырлары ауруымен байланысты емес алдын ала диагноз қойып, науқас ауруханаға жатқызылмаған.
"Сот талқылауы барысында медицина қызметкерлерінің ЭКГ нәтижесін қате түсіндіруге жол берілгені, пациенттің жағдайы бағаланбағаны және көмек көрсету тактикасы дұрыс қолданылмағаны анықталды. Уәкілетті органның тексеру нәтижелері бойынша медициналық көмек көрсету стандарттарының бұзылуы анықталды, кінәлі адамдар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды".Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда моральдық зиянды өтеу құқығы оның жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) тиесілі болады. Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі болған кезде жүзеге асырылады.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі жедел миокард инфаркті болған. Сот талапты ішінара қанағаттандыруға негіз бар деген қорытындыға келіп, «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМҚК-дан талап қоюшының пайдасына моральдық зиянның өтемақысын өндірді.
Сот үкімі күшіне енді.