Найзағай, жауын-шашын, үсік: 15 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2026 21:41 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 15 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, обылыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 17-22, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Қонаевта солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 4 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде топырақтың бетінде 1 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында, орталығында 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: