Қарағандыда сұмдық жағдай: оқушы пышақпен баланы қуған

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 19:03 Фото: pixabay
Қарағандыда 12 жастағы жасөспірім аулада 8 жастағы баланы пышақпен қуған. Кәмелетке толмаған жасөспірім мен оның заңды өкілдері полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты 2026 жылғы 19 мамырда Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Тексеру барысында 8 жастағы баланың үйіне қайтып келе жатқан сәтінде оған қарай қолында пышағы бар 12 жастағы жасөспірім жүгіргені анықталған.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған балалар көрші тұрады. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің жеке басын жедел анықтаған. Ол заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

"Жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ психологтың қатысуымен екі балаға да тиісті жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта балалардың заңды өкілдерінің бір-біріне қоятын шағымдары жоқ", – деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер ата-аналарды балалардың мінез-құлқына, араласатын ортасына және эмоционалдық жағдайына ерекше назар аударуға шақырады. Кәмелетке толмағандарға агрессивті мінез-құлықтың, қауіпті заттармен ойнаудың және айналадағыларға зиян келтіруі мүмкін кез келген әрекеттің жол берілмейтінін дер кезінде түсіндіру маңызды екені атап өтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: