Прокурорлар ШҚО әкімдіктерінің 90 млн теңгеге бағаланған күмәнді жобаларының жолын кесті

Госзакупки, госзакуп, государственные закупки, государственный бюджет , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 10:55 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы прокуратурасы мемлекеттік сатып алу тәртібінің сақталу барысына жүргізілген талдау кезінде 90 млн теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың қызметінен бітқатар заң бұзушылықтарды анықтаған.

"Анықталғандай, 5 ауылдық округтің әкімдіктері 2026 жылға арналған сатып алу жоспарларына 44 млн теңге сомасына балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жобаларын енгізген. Мұнда мәлімделген жұмыстар "ағымдағы жөндеу" ретінде көрсетілген. Сметалық құжаттаманы зерделеу барысында іс жүзінде жаңа құрылыс жоспарланғаны белгілі болды: негіздерді дайындау, бетон төсемдерін төсеу және жаңа ойын кешендерін монтаждау". ШҚО прокуратурасы

Заңға сәйкес, мұндай жұмыстар үшін міндетті түрде жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) болуы және мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс, алайда бұл талаптар орындалмаған.

Сонымен қатар, келесі бір әкімдікте лоттарды жасанды түрде бөлшектеу дерегі анықталды.

"Әкімдік шекті мәннен аспау үшін тапсырыстарды бөліктерге бөлген, бұл өнім берушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берген. Негізсіз бөлінген лоттардың жалпы сомасы 45,1 млн теңгені құрады",- делінген ақпаратта.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, құжаттама заңға сәйкес келтірілгенге дейін бұл жобалардың барлығы сатып алу жоспарларынан алынып тасталды.

Осылайша, ведомство шараларының нәтижесінде барлығы 90 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алды алынды.

Бұған дейін Павлодар облысында жүргізушілерге айыппұлды уақытылы төлеу ескертілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: