80 жылдық тарихы бар театрды жөндеуге бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді
Сурет: akhtanov-teatr.kz
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 22 мамырда ҚР Үкіметі баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Үкімет бөлген қаржы театр құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауға мүмкіндік береді. Театр қала мен аймақтың мәдени өмірі үшін өте маңызды, оның тарихы 80 жылдан асады",- делінген ақпаратта.
Атап өтілгендей, театрдың жаңа ғимараты Алтын орда шағын ауданында салынып жатыр, 700 орынға есептелген театр өнердің заманауи талаптарына сай үлкен және кіші залдардан, заманауи репетициялық үй-жайлар мен сахналық кеңістіктерден тұрады.
Театрдың айналасында демалыс орталықтары, саябақ пен қала тұрғындарының демалуына арналған стадион салу көзделген.
"Жаңа мәдени нысанның құрылуы қала мен облыс халқының екі есеге жуық өсуіне байланысты, бұл мәдени инфрақұрылымды кеңейту және шығармашылық қызмет үшін жаңа алаңдардың пайда болу қажеттілігін арттырды. Жалпы, жоба театр қызметтерінің сапасын арттыруға, шығармашылық ұжымдардың жұмысы үшін заманауи жағдай қалыптастыруға және театр өнерін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады". ҚР Үкіметі баспасөз қызметі
Тарихи-мәдени мұраны сақтау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде ҚР жаңа Конституциясында бекітілген.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткен жылы елімізде 61 мәдени нысан салынып, 250-ден астам мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін жазғанымыздай, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын спорт түрлерінің тізімі жаңартылды.