Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бір көше уақытша жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 18:42 Фото: Zakon.kz
Ғабдуллин көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, осыған байланысты 5 маусым сағат 08:00-ден 6 маусым сағат 06:00-ге дейін Байзақов көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.


"Осыған байланысты тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске саламыз, қозғалысқа енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" қосымшаларында жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: