Оралда ұрлық жасаған күзетші камераға түсіп қалды

Оралда ұрлық жасаған күзетші камераға түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 17:20 Сурет: polisia.kz
Оралда полиция қызметкерлері ұйымдардың бірінде болған ұрлық қылмысын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, түнгі уақытта ұйымның қызметтік бөлмесінде орналасқан сейфтен 250 мың теңге көлеміндегі ақша ұрланған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аталған нысанның 41 жастағы күзет қызметкері болып шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті сейфті кілтті іріктеу арқылы ашқан. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.

Ұрлық жасаған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бұл оқиғаның мән-жайын және күдіктінің жеке басын жедел анықтауға мүмкіндік берді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: