"Семей орманы" аумағында бір тәулікте 14 орман өрті шықты: оқиға орнынан видео жарияланды

"Семей орманы" аумағында бір тәулікте 14 орман өрті шықты: оқиға орнынан видео жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 22:38 Сурет: akorda.kz
"Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында бір тәуліктің ішінде бірден 14 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 16 маусымда болған. Резерваттың баспасөз қызметі тілсіз жаумен күрес сәті түсірілген оқиға орнынан видеоны да жариялады.

"Өрт туралы келіп түскен хабарларға және орман күзеті қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарына жедел ден қоюдың арқасында өрттер мемлекеттік орман қорына елеулі залал келтіруді болдырмай, ең төменгі алаңдарда (өрттермен өткен алаң 0,47 га құрады) оқшауландырылды және жойылды", – деп хабарлады министрлік.

Бір мезетте тұтанған өрт ошақтарының көптігіне қарамастан, орман күзеті жағдайды жедел бақылауға алып, өрттің қорық аумағына кеңінен таралуына жол бермеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: