Kaspi Gold енді Apple Pay-де
Сурет: Kaspi.kz
"Apple Pay-ді қосу – сүйікті клиенттерімізден ең жиі түскен өтініштердің бірі болды. Көптеген клиенттер Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге қосып, әсіресе шетелде iPhone немесе Apple Watch арқылы төлем жасағысы келді. Біз енді бұл мүмкіндіктің Kaspi.kz суперқосымшасында қолжетімді болғанына қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – Kaspi Gold картасын кез келген жағдайда: Қазақстанда, сапарда, дүкендерде, қосымшаларда және интернетте одан да ыңғайлы ету. Біздің сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғандары үшін рақмет!" Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
Apple Pay байланыссыз төлем қабылданатын барлық жерде жұмыс істейді: супермаркеттерде, дәріханаларда, мейрамханаларда, кофеханаларда, дүкендерде және басқа да сауда орындарында. Төлем жасау үшін iPhone немесе Apple Watch құрылғысының бүйірдегі батырмасын екі рет басып, Face ID, Touch ID немесе құрылғының құпиясөзі арқылы растау жасап, құрылғыны POS-терминалға жақындату жеткілікті.
Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге тікелей Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қосуға болады. Сондай-ақ клиенттер iPhone құрылғысындағы Wallet қосымшасын ашып, "+" батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындай алады. Kaspi Gold картасы iPhone, Apple Watch, iPad немесе Mac құрылғысына қосылғаннан кейін Apple Pay қызметін бірден пайдалануға болады.
Kaspi Gold арқылы Apple Pay-мен төлем жасау туралы толық ақпаратты Kaspi Гидтен оқыңыз.