Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ кері қайтуға мәжбүр болды
Сурет: Air Astana
Бүгін, 2026 жылғы 2 шілдеде Алматы – Астана бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Қарағанды әуежайына қона алмай, Алматыға қайта оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясының түсіндіруінше, Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты бүгін Алматы – Астана бағыты бойынша KC 641 рейсін орындаған ұшақ Алматыға кері қайтқан.
"Қазіргі уақытта ұшақ Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр", – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланған.
Атап айтқанда, Қарағандыда күндіз жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтілген. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанған.
Ал Астанада күндіз жаңбыр, найзағай болып, оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript