Qostanai Creative Culture: Қостанай өңірінің креативті әлеуеті елордада табысты таныстырылды

Qostanai Creative Culture: Қостанай өңірінің креативті әлеуеті елордада табысты таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 18:38 Сурет: Қостанай облысының әкімдігі
Qazaq Creative Hub алаңында "Креативті индустрияларды дамыту қоры" корпоративтік қоры жүзеге асырып жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған Qostanai Creative Culture креативті жәрмеңкесі өз мәресіне жетті.

Екі күн бойы жәрмеңке Қостанай облысының тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін, авторлық брендтерін, заманауи технологияларын және креативті индустрияларын бір алаңда тоғыстырды. Іс-шараға 1 320 адам келіп, өңір креаторларының авторлық өнімдері 4 млн 414 мың теңгеге сатылды. Бұл өңірлік креативті индустриялардың экономикалық әлеуеті жоғары екенін және қазақстандық креативті өнімдерге деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетті.

Qostanai Creative Culture: Қостанай өңірінің креативті әлеуеті елордада табысты таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 18:38

Сурет: Қостанай облысының әкімдігі

Бағдарламаның ең айтулы сәттерінің бірі – биыл Қостанай өңірінің еншісіне бұйырған республикалық "Алтын домбыра" айтысының бас жүлдесінің көпшілік назарына ұсынылуы болды. Келушілер жүлде иегері Айбек Қалиевпен жүздесіп, атаулы домбыралар көрмесін, ұлттық музыкалық аспаптар топтамасын және тарихи тұлғаларға арналған экспозицияларды тамашалады.

Qostanai Creative Culture: Қостанай өңірінің креативті әлеуеті елордада табысты таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 18:38

Сурет: Қостанай облысының әкімдігі

Qostanai Creative Culture: Қостанай өңірінің креативті әлеуеті елордада табысты таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 18:38

Сурет: Қостанай облысының әкімдігі

Сонымен қатар Қостанай дизайнерлерінің этностильдегі сән көрсетілімі, Нью-Йорктегі MobFilm Festival халықаралық кинофестивалінің финалисі атанған "Қалам" мобильді фильмінің таныстырылымы, Қостанай өңірлік университеті студенттерінің инновациялық инженерлік жобалары мен Қазақстандағы алғашқы студенттік жарыс болиду көпшілік назарына ұсынылды.

Qostanai Creative Culture: Қостанай өңірінің креативті әлеуеті елордада табысты таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 18:38

Сурет: Қостанай облысының әкімдігі

Екі күн бойы зергерлік өнер, ағаш және былғары өңдеу, киіз басу, қыш өнері, ұлттық ою-өрнек пен сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, келушілер ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысып, бұйымдарды жасау процесіне тікелей қатысты. Сондай-ақ еліміздегі тұңғыш фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың бірі – "Шертер" ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық музыкалық мұраны дәріптеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: