Адам өмірін құтқару үшін жылдамдық асырған жүргізуші айыппұлдан босатылды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 20:25 Фото: pexels
Орал қаласында сот адамды шұғыл түрде ауруханаға жеткізу үшін жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіге салынған жылдамдықты асыру жөніндегі айыппұлды жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда ол бұл шешіммен келіспей, сотқа шағым түсірген.

Сот отырысында жүргізуші танысының кенеттен өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Әйелді уақыт жоғалтпай облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізу үшін жылдамдықты асыруға мәжбүр болғанын түсіндірді.

Оның уәждері сотта расталды. Іс барысында бейнебақылау камераларының жазбалары, медициналық құжаттар зерттеліп, куәгерлердің айғақтары тыңдалды.

Нәтижесінде сот жүргізушінің әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 37-бабында көзделген аса қажеттілік жағдайында жасалған деген қорытындыға келді. Соттың пікірінше, жол ережесін бұзу адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу мақсатында жасалған.

Осыған байланысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күші жойылып, құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: