Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын - мемлекет басшысы
Фото: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесу барысында Қазақстан мен Қытай Еуразиядағы жаңа технологиялық дәуірдің келбетін бірге қалыптастыра алатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын.
"Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз. Заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлар ұсынып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз – тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары – білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін!" – деді Қазақстан президенті.
Бұған дейін Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабына айналуды көздеп отырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript