+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады

Жара в Алматы, лето в Алматы, алматинское лето, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2026 16:59 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" 20 шілде, дүйсенбі күні Қазақстанның қай өңірлерінде қатты және өте қатты ыстық сақталатынын болжады деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 20 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады.

Күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында қатты ыстық болады. Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында ауа температурасы +35…+38°C-қа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде ауа температурасы +38…+40°C, ал Түркістан облысында +40…+44°C болады.

Өте қатты ыстық Жамбыл облысында күтіледі. Мұнда сынап бағаны +43…+45°C-қа дейін көтеріледі. Алматы облысы мен Жетісу облысында +40…+45°C, ал Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен Абай облысында +41°C-қа дейін ыстық болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: