Жеткіліктілік шегінің көтерілуі қазақстандықтардың баспана сатып алу мүмкіндігіне қалай әсер етті
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде Үкіметтегі брифингте жеткіліктілік шегінің көтерілуі қазақстандықтардың тұрғын үй нарығындағы сатып алу қабілетіне қалай әсер еткені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда коммерциялық тұрғын үйдің бағасын мемлекет реттемейді.
"Қазіргі таңда еліміз бойынша коммерциялық тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы шамамен 617 мың теңгені құрайды. Ал әлеуметтік тұрғын үйге келсек, мемлекеттің ұстанымы нақты – біз оның бағасын бақылауда ұстаймыз, сондықтан ол қымбаттамайды. Бағаның өсетіні немесе төмендейтіні туралы болжам жасағым келмейді, бірақ қазіргі жағдайда оған негіз жоқ", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, жаз мезгілінде тұрғын үй нарығындағы белсенділік дәстүрлі түрде артады.
Сонымен қатар министр жеткіліктілік шегінің көтерілуі қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне ешқандай әсер етпегенін айтты.
Бұған дейін Өнеркәсіп министрлігі Қазақстанда электромобильдерге сұраныстың артуына қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript