Мәдениет комитетінің төрағасы тағайындалды

Мәдениет комитетінің төрағасы тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 21:24 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Азамат Белқайыров Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Азамат Сайлауұлы Белқайыров Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлінінің баспасөз қызметі.

Азамат Белқайыров 1990 жылы 10 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. 2012 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аудит және бақылау басқармасының сарапшысынан бастаған.

2013-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2022 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, кеңесшісі;

2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Халықаралық байланыстар және хаттама департаментінің директоры;

2024 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: