Қазақстандықтардың WhatsApp аккаунттары жаппай бұғатталды: не болды

Социальные сети, ватсап, WhatsApp, социальная сеть, приложение, приложения, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 17:53 Фото: unsplash
2026 жылғы 3 тамызда әлемнің түкпір-түкпіріндегі, соның ішінде Қазақстандағы WhatsApp қолданушылары аккаунттарының бұғатталғанына шағымдана бастады. Meta компаниясы жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар мессенджерді пайдаланып отырған кезде оның кенеттен жұмыс істемей қалғанын жазды. Экранда аккаунттағы әрекеттер мен құрылғы туралы ақпараттың пайдаланушы келісіміне сәйкестігі тексеріліп жатқаны туралы хабарлама пайда болған. Тексеру 24 сағаттан аспайтыны және оның нәтижесі туралы кейін хабарланатыны айтылған.

Шағымдар Қазақстандағы қолданушылардан да түскен.

Шетелдік БАҚ-тың сауалына жауап берген Meta компаниясы бұғатталған аккаунттарға қолжетімділікті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, TechCrunch басылымының сауалына жауап берген компания мәселенің бар екенін растаған.

"Біз сервисімізді теріс пайдалануға тырысатындардың алдын алып, басқа қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аккаунттарды бұғаттау бағытында үнемі жұмыс істейміз. Кейде қателік жіберуіміз мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, адамдардың қайтадан чатта сөйлесе алуы үшін мәселені барынша жылдам шешуге тырысамыз. Зардап шеккен аккаунттарды қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдадық", – деді компания өкілі.

Сонымен қатар БАҚ мәліметінше, Meta нақты қай елдерде және қанша аккаунттың кенеттен тексеруге жіберілгенін айтпаған. Аккаунты бұғатталған қолданушыларға тексеру нәтижесін 24 сағат ішінде күтуді ұсынды. Егер бұл жүйелік қателік болса, қабылданған шаралар аясында аккаунттарға қолжетімділік автоматты түрде қалпына келтіріледі.

TechCrunch мәліметінше, танымал мессенджерді әлем бойынша ай сайын 3 миллиардтан астам адам белсенді пайдаланады. Сондықтан салыстырмалы түрде шағын ақаудың өзі мыңдаған қолданушыға әсер етуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: