Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 21:09 Сурет: pxhere
Ақтауда кәсіпкер сауда орнының ашылуына орай балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 1 тамызда Ақтаудың 14-шағын ауданында болған. Кәсіпкерлік нысанның ашылуына байланысты кәсіпкер балаларға 50 балмұздақ пен 30 йогуртты тегін үлестірген.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай акцияны өткізу үшін алдын ала жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алу қажет. Алайда кәсіпкер бұл талапты сақтамаған.

Соның нәтижесінде оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақтау әкімдігі кәсіпкерлердің балаларға арналған осындай бастамаларына қарсылық жоқ екенін атап өтті. Дегенмен тегін өнім тарату акциялары заң талаптарына сай ұйымдастырылуы керек.

Әкімдік өкілдері мұндай іс-шаралар кезінде адамдардың көп жиналуы түрлі қолайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін екенін айтып, акция өткізер алдында тиісті рұқсат алуға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: