Анна Черкашина жеңіл атлетикадан ел рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Анна Черкашина жеңіл атлетикадан ел рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 17:06 Сурет: olympic.kz
Орегонда (АҚШ) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Отандасымыз 4,10 метр нәтижемен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша ол U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы өтті. Шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: