Елордада Қосшы бағытындағы Tarlan Astana желісінің алғашқы темірбетон арқалығы орнатылды

Елордада Қосшы бағытындағы Tarlan Astana желісінің алғашқы темірбетон арқалығы орнатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 20:30 Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада Қосшы қаласы бағытындағы Tarlan Astana желісінің құрылысы кезінде арнайы көпір орнатқыш техника алғаш рет қолданылып, алғашқы темірбетон арқалық орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, жұмыс барысында жүк көтергіштігі 245 тонна болатын DF30/245 маркалы көпір орнатқыш техника іске қосылды. Ол арқалықты көтеріп, эстакада бойымен жылжытып, тіректерге орната алады.

"Бұл технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Оның көмегімен көлік қозғалысын шектеу қажеттілігін азайтып, аралық құрылымдарды монтаждау жұмысын жеделдетуге мүмкіндік бар", – делінген хабарламада.
Елордада Қосшы бағытындағы Tarlan Astana желісінің алғашқы темірбетон арқалығы орнатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 20:30

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Tarlan Astana жобасына арналған көпір орнатқыш алдын ала кернелген темірбетон арқалықтарды монтаждау талаптарын ескере отырып арнайы дайындалған. Техника зияткерлік басқару жүйесімен және қашықтан басқару пультімен жабдықталған.

Құрылыс кезінде ауыр темірбетон конструкцияларымен жұмыс істеуге арналған MGA сериясындағы екі арқалықты көпірлі крандар да пайдаланылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: