Петропавл тұрғындары бес ай бойы бос пәтерлердің ипотекасын төлеп келеді

Дом, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 13:42 Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Петропавл қаласының тұрғындары ипотекаға баспана сатып алғанымен, көктемнен бері өз пәтерлеріне қоныстай алмай отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арнаның" хабарлауынша, бес қабатты үйге әлі күнге дейін кәріз жүйесі мен су тартылмаған. Сонымен қатар үйдің айналасы да абаттандырылмаған. Құрылыс компаниясы өкілдерінің уәдесінен шаршаған тұрғындар жергілікті биліктен мәселеге назар аударуды сұрап отыр.

Себебі олар өздері әлі қоныс аудармаған пәтерлеріне бес айдан бері несие төлеп, осы уақыт ішінде пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған. Бұл әрине өалтаға салмақ.

Тұрғындардың басым бөлігі ипотеканы "Наурыз әскери" бағдарламасы арқылы рәсімдеген.

Ал құрылыс компаниясының өкілі журналистерге берген сұхбатында, абаттандыру жұмыстарының қашан аяқталатынына нақты кепілдік беруден бас тартты. Ал ұзақ күтуден шаршаған пәтер иелері сотқа жүгінуге ниетті.

Алматыдағы Алатау шағын ауданының тұрғындары да бірнеше жылдан бері сусыз, кәріз жүйесі мен жолсыз өмір сүріп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: