Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында "Таза Қазақстан" аясында тазалық акциясы өтті
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру және аудан аумағын көркейту.
Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық белсенді жас пен "Жаңарған Жаңақорған жастары" ұйымының мүшелері қатысып, ауданға кіреберіс саналатын Жаңақорған–Шалқия автожолында айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жастар тазалық пен тәртіпті сақтау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Белсенді жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетті.
Мұндай шаралар жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

