Мәскеуде Құрылтай сайлауында алғаш дауыс берген адамның аты белгілі болды
Сурет: Telegram/prkvrf
Ресейде жүрген Қазақстан азаматтары бүгін, 23 тамызда, ҚР Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып жатыр. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігі жанынан сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің Telegram-арнасында хабарланды.
Мәскеудегі сайлау учаскесінде алғаш болып Дубна қаласындағы (Мәскеу облысы) Біріккен ядролық зерттеулер институтының қызметкері Ержан Мұхамеджанов дауыс берген.
Дауыс бергеннен кейін Ержан Мұхамеджанов өз әсерін бөлісті.
"Бүгін таңертең ерте тұрып, сайлау учаскесінің ашылуына үлгеру үшін Дубнадан жолға шықтық. Азаматтық борышымызды өтеу үшін келдік. Қазіргі реформалар, соның ішінде Парламентті трансформациялау – еліміздегі саяси үдерістердің маңызды бөлігі. Жаңа парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау үшін конституциялық құқығымызды пайдалануды маңызды деп санаймыз", – деді ол.
Сондай-ақ Мәскеудегі сайлау учаскесіне өмірінде алғаш рет дауыс беріп отырған азаматтар да келген.
Биыл мектеп бітірген Алина Қасымжан да алғаш рет дауыс берді.
"Ең алдымен, мен еліміздің игілігі үшін өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі Құрылтай сайлауын республика өміріндегі маңызды оқиға деп санаймын. Бұл сайлау жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі болады. Мұның бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып отырған жылда өтіп жатқаны да символдық мәнге ие", – деді Алина Қасымжан.
23 тамыз сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 264 411 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

