Тоқаев: Құрылтай депутаттары заң сапасына жауап беруі керек
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының басты міндеттеріне тоқталып, олардың заң сапасына жауапты болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысы 24KZ телеарнасының тілшісі Рауль Ғабитовтың сұрағына жауап берген кезде айтты.
"Құрылтай іске кіріскеннен кейінгі өзгерістерге тоқталсаңыз. Сіздің ойыңызша, жаңа заң шығарушы орган бірінші кезекте қандай заңдарды қабылдайды? Құрылтай депутаты қандай қасиетке ие болуы керек? Оның сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі қандай?", – деп сұрады журналист.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алғашқы бір палаталы Парламент сайлауының тарихи мәні зор.
"Құрылтай сайлауына үлкен үміт артамын. Еліміздің дамуына тың серпін береді деп санаймын. Жаңа тұлғалар мен жаңа идеялар пайда болды", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар, ең алдымен, қабылданатын заңдардың сапасына жауап беруі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ олар сайлауалды бағдарламалары мен сайлаушыларға берген уәделерін орындауы қажет.
"Үшіншіден, ел дамуына ықпал ететін заңдар қабылдануы керек. Қазір заман күрделі. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Сондықтан туған елімізді озық, заманауи мемлекетке айналдыру жолында күш-жігерімізді біріктіру керек", – деді ол.
Мемлекет басшысы Конституция елдің, әсіресе жастардың болашағына үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Біртұтас ел болып қабылдаған Жаңа Конституциямыз өте озық, мазмұнды құжат деп айтсақ, қателеспейміз. Сондықтан Ата Заң бізге, әсіресе, жастарға жарқын жол нұсқайды. Келешегіміз – жастардың қолында. Оған күмән жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript