Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 19:52 Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі
Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде "Liaoning Hongda Group" компаниясы "Бурабай-Жалғызағаш" тау-кен байыту комбинатының құрылысы ресми түрде басталды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, "Liaoning Hongda Group" компаниясының бас директоры Тан Цзюган қатысты.

"Комбинат құрылысының басталуы – Сыр өңірі үшін тарихи оқиға. Бұл – облысымыздың индустриялық дамуына жаңа серпін, экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жоба.

Осындай ауқымды әрі заманауи жобаны аймағымызда жүзеге асырған "Liaoning Hongda Group" компаниясына зор ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізді жаңа инвестициялық циклге көшіру, заманауи өндірістерді іске қосу және өңірлердің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырған болатын.

Бүгінгі тау-кен байыту комбинаты – осы ауқымды жұмыстардың аса маңызды бөлігі. Құрылысына 138 млрд теңге қаралған жоба толық іске қосылғанда жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарлануда. Ең бастысы, 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгін басталып жатқан құрылыс сәтті аяқталып, мерзімінде іске қосылып, ел игілігіне қызмет ететініне сенемін", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 19:52

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Шарада компания директоры Тан Цзючан, ел ағасы Изадилла Нәрзілдаев сөз сөйледі.

Тау-кен байыту комбинатын алдағы екі жыл ішінде салып, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған.

Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 19:52

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Қазіргі уақытта кен орнының минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өндірістік жолдар салу да қолға алынып, құрылыс алаңдары анықталды. Бұдан бөлек, электр желілеріне қосылуға жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта нысанды электр қуатымен қамтамасыз ету және электр желілеріне қосу межеленген.

Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 19:52

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кетейік, кейінгі жылдары Сыр өңірінде жаңа өндіріс орындарының негізі қаланып, ірі жобалар жүзеге асуда. Жаңақорған ауданында үш жылда 6,7 млрд теңгеден астам қаржыға 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл 3 жоба көзделсе, оның екеуі ел игілігіне айналды. Алдағы үш жылда облыстың өнеркәсіп саласында 1,9 триллион теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: